Рысқали Әбдікеров әкімдерді сайлауды енгізуді Осакаров ауданының тұрғындарымен талқылады

Рысқали Әбдікеров әкімдерді сайлауды енгізуді Осакаров ауданының тұрғындарымен талқылады

432 Awrora

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының тұрғындарымен кездесіп, аймақтың әлеуметтік маңызды нысандарын аралады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Депутат кездесу барысында зертхана мен түрлі шығармашылық бағыттар бойынша 26 сыныпта 650-ден астам оқушы білім алатын «Жастар» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының жұмысымен танысты.

Сенатор аудандық мәслихат депутаттарымен де кездесті. Ол әріптестерімен ауыл әкімдерін сайлау, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару, сондай-ақ суармалы егін шаруашылығындағы шаруаларға көмек көрсету және қолданыстағы заңнамаға енгізілген т.б. өзгерістерге қатысты мәселелерді талқылады.

«Әкімдер сайлауын енгізудің арқасында азаматтарға еліміздібасқаруға белсенді қатысудың қосымша мүмкіндігі ашылады. Бұл жалпы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі демократияландыруды көрсетеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ауыл, аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер басшыларының тікелей сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңін көрсететін маңызды тарихи оқиға» Рысқали Әбдікеров

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика