142 rob
Фотосурет: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Құрылыс және ТКШ комитетінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қатысушылар отырыс барысында әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің жобасын талқылап, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің ұсыныстары мен ескертулерін тыңдады.
Естеріңізге сала кетейік, жыл соңына дейін Құрылыс кодексінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу жоспарланып отыр.
Бұған дейін оның құрамына 3 негізгі Заң кіретіні және құрылыс процесінің толық циклін қамти отырып, 4 кодекске және 13 заңға өзгерістер енгізу көзделетіні хабарланған болатын.
Әзірленіп жатқан заң жобасының негізгі қағидаты сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде адамдардың өмір сүруі мен тіршілік етуінің қолайлы ортасын қамтамасыз ету болып табылады.
Источник: qazaq.asia