Құрылыстағы проблемалар: мерзімдердің бұзылуы және сапаның болмауы

Құрылыстағы проблемалар: мерзімдердің бұзылуы және сапаның болмауы

176 Awrora

Фотосурет: freepik

Алматы әкімдігі 2023 жылдың басынан бері сапасыз құрылыстан 1 мыңнан астам бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді.

Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды:

  •  «АРТЕМИДА ЛТД» ЖШС;
  •  «ТриА Холдинг» ЖШС;
  •  «Ремстрой» ЖШС;
  •  «ABM Building» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  •  «Debo Stroy» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  •  «ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  •  «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  •  «DP ENGINEERING GROUP» ЖШС (лицензияның кіші түрі).

Кіші түрлерінен айырылған компанияларға басқарма олардың лицензияларынан толық айыру үшін наразылық енгізгенін атап өткен жөн.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика