326 rob
Фотосурет: Ұлытау облысы ТЖД
Оқу-жаттығудың мақсаты – ірі сауда орталықтарында өрттерді жылдам әрі тез сөндіру және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау дағдыларын пысықтау, өрт шыға қалған жағдайда адамдар арасында болуы мүмкін дүрбелеңдердің алдын алуын жаттықтыру, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жаттығудың сценарийі бойынша өрт сауда орталығының 1 қабатындағы супермаркетіндегі азық-түлік өнімдерінің өртенуі нәтижесінде орын алды.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер өртті 30 минуттың ішінде толығымен жойып, зардап шеккендерді аман алып шығып алғашқы көмек көрсету және эвакуациялау бойынша құтқару құрылымдарының іс-әрекеттерін орындады.
Тактикалық оқу-жаттығуға ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 26 адам және 5 техника, жедел-жәрдем жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында сауда орталықтың қызметкерлерімен төтенше жағдай туындаған кездегі алғашқы іс-әрекеттері пысықталып, назарларына жеткізілді.
Источник: qazaq.asia