300 Awrora
Фотосурет: DKNews
Жыл басынан бері елордада өртті абайсыз пайдалану себебінен 11 өрт болды.
Осы себептен өткен демалыс күні бір өрт болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мәселен, 12 ақпанда сағат 16:35-те елордалық өрт сөндірушілер Балқаш көшесі, 11 мекенжайына өртке шықты.
Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері жеке құрамының 16 адамы және 3 бірлік техникасымен келгеннен кейін төрт бөлмелі бір қабатты тұрғын үйде үй заттары мен жиһаздардың өртенгені анықталды. Өрт кезінде улы газдан уланған 1957 жылы туған әйел № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт сағат 17:46-да жойылды.
Құрметті азаматтар, Астана қаласының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:
- электр және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз, сондай-ақ оларға балаларды жібермеңіз;
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз;
- жарықтары бар пешті пайдаланбаңыз;
- жылыту маусымы басталғанға дейін және жылыту маусымы бойы әр үш ай сайын түтін мұржаларын күйеден тазартуды ұмытпаңыз;
- отынды тез тұтанатын сұйықтықпен жағуға болмайды және ыстық заттар мен материалдарды пеш алдындағы төсемеге қоймаңыз;
- төсекте темекі шекпеңіз;
Өрт болған жағдайда дереу 101 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз
Источник: qazaq.asia