Өрт сөндірушілерге алғыс айтылды

Өрт сөндірушілерге алғыс айтылды

783 rob

2023 жылғы 17 қаңтарда сағат 15.00-де Шиелі ауданының «Самара-Шымкент» тас жолының 386 шақырымында 17-разъезд ауданында Жамбыл облысынан Қызылорда қаласына бағыт алған жанар-жағар май тасушы жүк көлігі аударылып, салдарынан  толығымен жанды.  Көлік жүргізушісіне медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өрт сағат 16.12-де оқшауланып, сағат 16.20-де толық сөндірілді.

Оқиға орнына №16 өрт сөндіру бекетінен 4 қызметкер және 1 бірлік техника, Тартоғай ауылы Ерікті өртке қарсы құрылымынан 4 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Осы оқиғаны трассада көрген жолаушылар мен көлік жүргізушілері өрт сөндірушілерге алғыс білдірген аудио-видео жазбаларын әлеуметтік желіде таратты.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика