Өрт сөндірушілер тұрғындарды отқа оранған үйден жедел құтқарды

Өрт сөндірушілер тұрғындарды отқа оранған үйден жедел құтқарды

173 rob

Фотосурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

24 қарашада Өскемен қаласындағы Свобода көшесінде 5 қабатты үйдегі пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі жоғары шақыру нөмірімен оқиға орнына шықты. Келген кезде өрт сөндірушілер 1 қабаттың терезесінен қатты түтін шыққанын көрді. Дереу баспалдақпен өрт сөндірушілер пәтердің терезесіне кіріп, 2 адамды құтқарды.

Баспалдақ арқылы құтқару қалпақтарының көмегімен 6 тұрғын мен үш баланы өрт сөндірушілер көтеріп алып шықты. 4 — ші қабаттағы пәтерден, автосатының көмегімен тағы 6 бала құтқарылды.

Осы уақытта бір мезгілде өртті сөндіру жүргізілді. Өрт 6 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 21 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт себебі бойынша электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:

  • үйден шыққан кезде электр құрылғыларын қосулы қалдырмаңыз;
  • өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жойыңыз;
  • бір розеткаға бірден бірнеше электр құрылғыларын қоспаңыз.

Өрт кезіндегі тәртіп ережелері:

  • өрт кезінде дереу «101» немесе «112»нөмірлеріне хабарласыңыз;
  • дүрбелеңге түспеңіз;
  • өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдарды эвакуациялау бойынша шаралар қабылдаңыз, көршілерге хабарлаңыз;
  • электр қуатын өшіріңіз;
  • баспалдақпен жүріңіз, өрт кезінде лифтті пайдалануға тыйым салынады.
  • егер шығу есіктерынде кедергі болса, есіктердегі барлық жарықтарды дымқыл шүберекпен жабыңыз,
  • өрт сөндірушілердің қауіпсіз аймаққа келуін күтіңіз (балкон, үйдің шатыры).

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика