Өрт сөндірушілер өрт кезінде 6 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды

Өрт сөндірушілер өрт кезінде 6 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды

192 rob

2023 жылғы 24 қаңтарда сағат 17:24-те Атырау қаласында 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы шақыру келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін 2-қабаттағы пәтер жалындап жанып жатқаны анықталды. 30 ш.м. алаңда жатын және ас үй бөлмелері, жиһаз және тұрмыстық техника өртенді.

Атырау облысы ТЖД өрт сөндірушілері автосатының көмегімен және баспалдақ маршымен 5-қабаттан 6 адамды, оның ішінде 4 баланы жедел құтқарды.

Сыртқы бақылаушы үшін мұның бәрі өте қарапайым көрінеді. Шындығында, көзге көрінбейтін көптеген қиындықтар бар. Мұндағы басты міндет — автосатыны биіктіктегі қажетті нүктеге жылдам, нақты және дәл қою. Автосаты операторының жұмысы үлкен рөл атқарады және бұл жағдайда ол «өте жақсы» жұмыс істеді, өйткені нәтижесінде 6 адам өрттен құтқарылды.

Өрт салдарынан күйік алып, 1969 жылы туған пәтер иесі мен 1964 жылы туған азаматша облыстық ауруханаға жатқызылды (дене күйіктері нақтылануда).

Өрт сағат 17:44-те жойылды.

Атырау облысы ТЖД күштері көрші пәтерлерге өрттің таралуының алдын алды.

Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 8 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады! Тұрмыстық техника мен электр құралдарын қосулы қалдырмаңыз! Сақ болыңыз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика