Өрт сөндірушілер газ және оттегі баллондарының жарылып кетуіне жол бермеді

Өрт сөндірушілер газ және оттегі баллондарының жарылып кетуіне жол бермеді

352 rob

2023 жылғы 19 қаңтарда сағат 07.50-де Талдықорған қ. «ISSMILE» фаст-фуд кафесінде 50 ш.м. алаңында ас дайындау бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өрт  құрамында 24 қызметкер және 6 бірлік техникасы бар Жетісу облысыТЖД қызметкерлерінің күшімен сағат 08.20-да ауздықталып, сағат 08.27-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Талдықорған қаласы  №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Равиль Шарафутдинов, Әділ Қалиев және Алмас Сексенбаев өз өмірлерін қатерге тігіп, жанып жатқан бөлмеден 3 оттегі баллоны мен 1 газ баллонын (25 литрлік) шығарды. ТЖД қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында ауданы 300 шаршы метрден асатын ғимаратқа  өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Өрттің шығуының алдын-ала себебі — картопты қуыруға арналған қуырғыштың электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Жетісу облысы ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика