155 rob
Фотосурет: Абай облысы ТЖД
Абай облысы Бородулиха ауданына қарасты Новопокровка елді мекенінде өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңадан құрылған өрт сөндіру бекеті жалпы саны 2400 адам тұратын 3 елді-мекенді тілсіз жаудан қорғайтын болады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жалпы, Абай облысы Төтенше жағдайлар департаміне республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен өрт сөндіру техникасы толықтырылып, жаңартылып келеді. Бұл өз кезегінде шалғайдағы елді-мекендерге техника таратуға мүмкіндік беріп отыр. Осылайша қолданыстағы өрт сөндіру бекеттерінің техникасын жаңарту және жаңадан бекет құру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға департамент тарапынан биыл 13 өрт сөндіру техникасы берілді.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 61 өрт сөндіру бекеті жұмыс істеп тұр. Олар 70 бірлік өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етілген. Абай облысының 2021-2025 жж. даму жоспары аясында, биыл қосымша 2 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, жоспардан тыс 8 өрт сөндіру бекеті құрылды.
Источник: qazaq.asia