194 rob
Фотосурет: Ақмола облысының ТЖД
Жатақханалар мен жеке тұрғын үйлерге ауыстырылған орындарда өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында ағымдағы жылдың 13-17 қараша аралығында облыс аумағында «ЖАТАҚХАНА» жедел-алдын алу ісшарасы өтуде, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Департамент пен полиция, жергілікті атқарушы органдар, волонтерлік ұйымдар қызметкерлерінен 120-дан астам адамнан тұратын 20 мобильді топ құрылды. Облыс аумағында әртүрлі меншік нысандарындағы 56 жатақхана бар. Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында электр сымдарының, электр жылыту аспаптарының, сондай-ақ эвакуациялау жолдарының жай-күйіне ерекше назар аударылды, оның қорытындысы бойынша 100-ден астам бұзушылық анықталды», – деді Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Манат Бегалин.
Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, электр сымдарын жарамды күйге келтіруге, қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдалануға жол бермеуге, бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға және ең бастысы – балаларға тұрмыстық жылыту аспаптарын өз бетінше пайдалануға, және ешбір жағдайда ересектердің қарауынсыз кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмауға шақырады.
Источник: qazaq.asia