Роман Скляр «Газпром» басшысымен ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөз жүргізді

Роман Скляр «Газпром» басшысымен ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөз жүргізді

306 rob

Сәрсенбі күні, 18 қаңтарда, Санкт-Петербург қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллердің кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы табиғи газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттары, атап айтқанда, қазақстандық газды Орынбор МӨЗ-інде қайта өңдеу мәселелері, ресейлік газды Қазақстанға жеткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалық жобалары айқындалған Жол картасына қол қойылды. 

Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев, ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика