Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы Аягөз гарнизонында

Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы Аягөз гарнизонында

197 rob

Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінде Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов жұмыс сапарымен  болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы іс-сапар барысында Аягөз гарнизонындағы  әскери бөлімдердің жаңа оқу кезеңіне даярлық деңгейін тексерумен бастап,  әскери бөлім аумақтарында командирлердің баяндамаларын тыңдады.

 

Бұдан бөлек, әскери техникалар тұрақтары мен қоймаларындағы ұрыс техникаларының  жағдайы мен қысқы мерзімге әзірлігін көрді. Сондай-ақ, қоймалардың қызметін, әскери қару-жарақ пен оқ-дәріні сақтау тәртібін, қауіпсіздік шараларының қадағалануын да тексерді. Кемшіл тұстар мен оған қатысты ұсыныс-пікірлерді қаламға түртті. Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов әскери бөлімдерде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаздармен де жүздесті. Хал-ахуалдарын, қай өңірден шақырылғанын, арыз-шағымдарының бар-жоғын сұрап білді. Алғаш келгенде әскери өмірге үйрену қиын болғанымен, бір жылдан кейін тәртіпті, төзімділікке тәрбиеленген, денелері шыныққан, бойында жауынгерлік рух қалыптасқан жауынгер шығатынын айтты. Сарбаздардың асханасында, оқу бөлмелері мен казармаларда болып, тұрмыс жағдайларына да көз жеткізді.

Аягөз гарнизонына арналған іссапар соңында Бас қолбасшы әскери қызметтерін адал атқарған бірқатар үздік әскери қызметкерлерге  алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіп,  құттықтады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика