314 rob
Фотосурет: ҰҚК баспасөз қызметі
10 қарашада ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі.
Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды.
Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексерілуде.
Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.
Источник: qazaq.asia