364 rob
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы шеңберінде Алматыда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының кезекті кеңесі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шараға:
- Қазақстан тарапынан Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров
- Қырғызстанның экономика және Коммерция министрі Данияр Амангелдиев
- Арменияның экономика министрі Ваган Керобян
- Беларусь экономика министрінің орынбасары Алеся Абраменко
- Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников
ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев қатысты.
Кездесу барысында Ресейдің ЕАЭО органдарындағы төрағалығының басымдықтары туралы ақпарат ұсынылды (А.ж. 1 қаңтардан бастап Ресей бір жыл бойы ЕАЭО органдарында төрағалық етеді). Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Комиссияның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2035 жылға дейінгі экономикалық дамуының негізгі бағыттарының жобасы туралы баяндамасын тыңдады.
ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі І.Өсеров атап өткендей, экономикалық интеграцияны ЕАЭО туралы шартқа қатаң сәйкестікте және ұлттық мүдделерді ескере отырып, жетілдіру керек. Бұл Қазақстанның ЕАЭО-дағы ұстанымы.
Одақтың 2035 жылға дейінгі экономикалық дамуының негізгі бағыттарының жобасы сараптамалық пысықтауды қажет етеді, деді ол.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Стратегиялық жоспарлау және технологиялық болжау және ғылыми-техникалық прогресті стратегиялық жоспарлау жүйесі жөніндегі нормаларды алып тастауды ұсынды. Себебі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттердің Стратегиялық жоспарлау жүйелері бар.
Источник: qazaq.asia