Домой Қазақша ҚР ИИДМ-де Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр

ҚР ИИДМ-де Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр

131
0

ҚР ИИДМ-де Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр

277 rob

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өтіп жатқан кеңейтілген алқа отырысында ведомствоның 2022 жылы атқарған жұмыс қорытындылары мен биылға арналған міндеттері қаралуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен компаниялардың басшылары, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және ИИДМ қоғамдық кеңесінің, «Атамекен» ҰКП-ның, кәсіпкерлік қоғамдастық пен бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысып жатыр.

Өз баяндамасында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 2022 жылдағы ведомствоның қызметіндегі негізгі нәтижелерге қысқаша тоқталып, осы жылға арналған жоспарларды тізбектеп шықты.

Бірінші кезекте ИИДМ-нің басшысы биыл орта және жоғары бөліністегі өнімдерді өндіру мақсатында өнеркәсіптік даму саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатынын айтты. Сондай-ақ салалық жоспарлар мен импортты алмастырудың өңірлік бағдарламалары қабылданады деп күтілуде. М.Қарабаевтың айтуынша, жыл соңына дейін 1,1 трлн теңгеге 16,3 мың тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейтін 149 жаңа жобаны іске асыру жоспарланған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес былтырғы желтоқсан айында министрлік Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті. Бұл саланы одан әрі дамытып, алдағы іс-қимылды айқындайтын негізгі құжат саналады.

Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру үшін былтыр теміржол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырыла бастағанын айта кетейік. Атап айтқанда, 2022 жылдың қараша айында теміржол көлігі саласындағы ірі жобалардың бірі – «Достық-Мойынты» теміржол учаскесінің екінші торабының құрылысы басталған болатын. Аталған жобаны іске асыру осы учаскедегі жылжымалы құрамды өткізуді 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді (12-ден 60 жұп пойызға дейін).

«2023 жылы Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысын бастап, сондай-ақ транзиттік учаскелердегі тар шеңберлі жерлерді жою жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Осы жылдың соңына дейін «Дарбаза–Мақтарал», «Бақты – Аягөз» сынды жобалардың техникалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары аяқталу тиіс. Содан кейін аталған жобаларды іске асыруды бастаймыз» Марат Қарабаев

Биыл автожол саласында жалпы көлемі 10,5 мың шақырым (оның ішінде республикалық желі бойынша — 7,3 мың шақырым, жергілікті желі бойынша — 3,2 мың шақырым) жолды құрылыс және жаңғырту жұмыстарымен қамту жалғастырылады.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша салынатын жолдың сапасын арттыру үшін осы жылдың соңына дейін FIDIC халықаралық ережелерінің шарттары енгізілмек. Негізгі 50 нормативті құру арқылы қолданыстағы 1200-ден астам салалық норматив оңтайландырылады.

Бұдан басқа EPCM-келісімшарт қағидасы бойынша автожол жобаларын іске асыруға көшу жүзеге асырылып, бұл бір орындаушыға жобаның толық өмірлік циклін, атап айтқанда жобалау сатысынан бастап осы учаскені 10 жыл бойы күтіп ұстауға мүмкіндік береді.

Құрылыс саласында 2023 жылы 15,3 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 143,5 мың баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Министрлік экономика салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мен халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға қойған міндеттерді сапалы әрі уақтылы іске асыру үшін барлық қажетті шараны қабылдаймыз» Марат Қарабаев

Министрдің баяндамасынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері Е.Дауылбаев, И.Шархан және А.Ыдырысов өздерінің құзырына кіретін салалар бойынша былтыр атқарылған жұмыстар жөнінде мұқият айтып береді.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму