ҚР ИИДМ-де мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың жолдары қаралды

ҚР ИИДМ-де мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың жолдары қаралды

277 rob

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ведомство мен ҚР Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің іс-қағаздарды жүргізу процестеріндегі, оның ішінде мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылтуға байланысты жаңа талаптарды сақтау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2022 жылдың 13 сәуірдегі №872 Жарлығы бекітілгеннен кейін ол Мемлекет басшысының 2010 жылдың 27 сәуірдегі №976 Жарлығымен сәйкестендіріліп, онда  Президенттің халыққа арнаған Жолдауларын дайындау мен іске асыру бойынша, сондай-ақ берген тапсырмалары және актілерінің жұмысы регламенттелгенін айта кетейік.

Аталған кездесудің мақсаты – тәжірибелік, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету арқылы іс-құжаттарды дайындаудың сапасын арттырып, тұтастай бұл бағыттағы жұмысты тиімді ұйымдастыруға септігін тигізу.

  Бұдан бөлек жиында Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылап, қызметтік хат-хабарларды рәсімдеу мен құжаттарды редакциялық сараптаудан және мұрағат құжаттарын оңтайлы қалыптастыру сынды бірқатар мәселе қаузалды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика