ҚР ИИДМ-де еліміздің батысында жүзеге асырылып жатқан автожол жобалары туралы айтылды

ҚР ИИДМ-де еліміздің батысында жүзеге асырылып жатқан автожол жобалары туралы айтылды

150 rob

Фотосурет: pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында вице-министр Алмаз Ыдырысов еліміздің батыс өңірлерінде іске асырылып жатқан автожол жобалары туралы айтып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Еліміздің батыс өңірінде «Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат» жол учаскесін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мәселен, «Қандыағаш – Мақат» учаскесінде негізгі жұмыстар аяқталып, биыл аталған бағытта жол қозғалысы ашылады деп жоспарланған. Сонымен қоса ұзындығы 96 шақырым болатын «Ақтөбе – Қандыағаш» учаскесі бойынша да жыл соңына дейін жол жүрісі ашылмақ. «Атырау – Астрахан»  учаскесіне келсек, оның 277 шақырымының 140 шақырында көлік қозғалысы қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 248 шақырымдай жолға күрделі жөндеу жүргізіліп, оның 129 шақырымында жол жүрісі қамтамасыз етілді.

«Қазір тиісті жұмыстарды уақтылы аяқтау үшін қажетті материалдар дайындалып жатыр. Ақпан айынан бастап инертті материалдарды тасымалдауға арналған вагондар паркін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз» Алмаз Ыдырысов

Бұдан бөлек ИИДМ басшысының орынбасары былтыр автожол жобаларының сапасын арттыру мақсатында заңнамалық деңгейде бірқатар түзету қабылданғанын атап өтті. Мысалы, кепілдік мерзімі кезеңінде авторлық қадағалау мен техникалық бақылаудың жауапкершілігі ортақ болады. Өз кезегінде Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы елді мекендердегі көшелерде жүргізілген орташа жөндеуге ведомстволық сараптаманы жасайтын болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика