268 rob
Астанада Ұлттық экономика министрі, Қазақстаннан Дүниежүзілік Банктің басқарушысы Әлібек Қуантыров Дүниежүзілік Банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті. Іс-шараға ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап өз міндеттеріне кіріскен ДБ Қазақстандағы жаңа тұрақты өкілі Андрей Михнев та қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында тараптар 2020-2025 жылдарға арналған Негіздемелік әріптестік стратегиясы шеңберіндегі іске асырылып жатқан жобалардың аралық қорытындыларын шығарды. Сондай-ақ, Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы аясында Банк көрсететін техникалық және талдамалық қолдауды талқылады. 2022 жылдан бастап ДБ қызметкерлерімен келісімнің жаңа жобасын әзірлеу бойынша рәсімдер жүргізілуде.
Сонымен қатар, қатысушылар алдағы іс-шаралар мен өңірдегі энергетиканы дамыту, экономиканы декарбонизациялау және ауылдық елді мекендерді цифрландыру бойынша жұмыс жоспарларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға келісті.
Источник: qazaq.asia