255 rob
Кешенді жоспардың жобасы 102 іс-шарадан тұрады, деп хабарлайды DKNews.kz.
2023-2027 жж. арналған инвестициялардың жалпы көлемі — 1,9 трлн. теңге
Республикалық бюджет – 515 млрд. теңге
Жергілікті бюджет – 110 млрд. теңге
Жеке инвестициялар – 1,3 трлн. теңге
Білім инфраструктурасын қолдау қоры – 22 млрд. теңге
Өнеркәсіпті дамыту:
Тау-кен байыту комбинатының құрылысы және «Айдарлы» мыс кен орнын игеру, сондай-ақ 6 өндірістік нысанның құрылысы
Пайдалы қазбаларды анықтау үшін ауқымды барлау, геологиялық іздестірулер жүргізу
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту:
Суару жүйелері жабдықтарын сатып алу және инфрақұрылымды салу
Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу комбинатын, 2 сүт-тауарлы фермасын және 2 бордақылау алаңын салу
Кәсіпкерлік және туризмді дамыту:
2 сауда ойын-сауық орталығын салу
5 жұлдызды қонақ үй кешенін және Алакөл көлінің жағалауында демалыс базасын салу
«Семей қаласында және басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерде 3-ші жылу-электр орталығын салу, жылу көздері мен пункттерін, электрмен жабдықтау және су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарлануда. Бұдан басқа, Семей, Аягөз, Курчатов қалаларында кәрізтазарту имараттарының құрылысы да көзделген» Әлібек Қуантыров, Ұлттық экономика министрі
Сонымен қатар, көлік саласы мен логистиканы дамыту аясында 11 көпір, «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» учаскесінде теміржол салу және реконструкциялау, Үржар ауылында транзиттік-көлік объектісін, әуежай терминалын құру жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 1465 км болатын жергілікті жолдарға күрделі және орташа жөндеу жүргізіледі.
Сондай-ақ, Семей қаласынан Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларына дейін және Үржар — Павлодар бағыттары бойынша авиарейстерді субсидиялау жоспарлануда.
Денсаулық сақтау саласын дамыту:
Облыстық көпбейінді аурухана мен балалар ауруханасын, облыстық қан орталығын және 2 емхана салу көзделген
Білім беру:
6 шағын жинақты мектеп салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мектептерге, оқушылар сарайына, интернатқа 6 қосымша құрылыс салу, 9 балабақша мен 3 балалар лагерін салу
Мәдениет және спорт:
Ауылдық елді мекендерде 8 мәдениет нысаны, жүзу бассейні және 5 спорт модулі салынады және жөнделеді
Семей қаласында мұз сарайының құрылысын салу және 80 адамға арналған қонақ үйі бар спорт кешенін салу
7 медициналық-әлеуметтік мекемелер салынады және жөнделеді
Кешенді жоспардың бірқатар іс-шаралары азаматтық қорғанысты, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.
5 өрт сөндіру депосын салу
Ертіс өзені мен Алакөлдің жағалауларын нығайту жұмыстары жүргізілетін болады
Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады
«Осы шараларды іске асырған жағдайда 2027 жылға қарай өнеркәсіп көлемінің 55,8%-ға өсуі күтілуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,5 есеге, ал шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығаруы 85,6%-ға өседі. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету 100%-ті, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі 97%-ті құрайды. Жалпы 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады» Әлібек Қуантыров
Тұтастай алғанда, Кешенді жоспарды іске асыру өңір экономикасының өсу қарқынын жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді.
Источник: qazaq.asia