168 rob
Фотосурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
2023 жылы Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласын жақсарту мақсатында ауқымды жобаларды іске асырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданып, іске асырылды.
Педагог мәртебесі:
• 2023 жылдың қаңтарында педагогтердің жалақысы тағы 25% -ға көтерілді
• 2023 жылдың қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйымдардың 97 мың педагогінің еңбекақысының төлемі тағы 30% өсті
• «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы іске асырылуда
• Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы әзірленді
• 143 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті
• Мұғалімдер күнін мерекелеу күні 5 қазан болып бекітілді
Источник: qazaq.asia