483 rob
ОСК отырысында ҚР Бас санитариялық дәрігері — Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова республикадағы эпидемиологиялық жағдай және Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезінде коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары туралы хабардар етті, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне оң ПТР нәтижесі бар 200-ге дейін COVID-19 жағдайы және теріс ПТР нәтижесі бар 10-ға дейін COVID-19 жағдайы тіркеледі. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта» Айжан Есмағамбетова
Бас санитариялық дәрігердің айтуынша, соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда ауру 4%-ға немесе 1135-тен 1089 жағдайға дейін төмендеді.
Сонымен қатар, 16 өңірде (Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Абай, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан облыстары) R көрсеткішінің бірліктен жоғары.
Осыған байланысты А.Есмағамбетова халық көп жиналатын жерлерде маска киюді ұсынды.
Республикадағы коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық маусымның барысын ескере отырып, А.Есмағамбетова сайлау өткізу кезінде бірқатар ұсыныстар берді.
Бұл сайлау кезінде кең үй-жайларды пайдалану, үй-жайларды желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі, маска режимін сақтау болып табылады.
Источник: qazaq.asia