QazaqGaz: Газдандыруға арналған техникалық шарттар тегін және онлайн беріледі

QazaqGaz: Газдандыруға арналған техникалық шарттар тегін және онлайн беріледі

288 Арман

Фотосурет: СР

«QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ халықты газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту мақсатында, өз тарапынан газдандыру үшін техникалық шарттарды (ТШ) алуды жеңілдетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Үйді газдандыру үшін, ең алдымен, техникалық шарттарды алу керек. Енді бұл оңай!

Техникалық шарттарды (ТШ) алуға өтінімді енді онлайн – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сайтындағы – www.ktga.kz — тұтынушының жеке кабинетінде, сондай-ақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдарының өңірлерде орналасқан мекенжайлары бойынша беруге болады.

Өтінімді өңдегеннен кейін дайын техникалық шартты SMS түрінде алынған сілтеме арқылы жүктеуге болады. Айта кетейік, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ техникалық шарттарын беру ақысыз негізде (тегін) жүзеге асырылады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері тарапынан тегін техникалық шарттарды беру үшін төлем талап етілген жағдайда, сондай-ақ, құқыққа қарсы және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің өзге де фактілеріне куә болсаңыз, мұндай жағдайлар туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ біріңғай байланыс орталығына 5169 нөмірі бойынша немесе +7 777 121 26 26 нөмірі бойынша Whatsapp/Telegram мессенджерлері арқылы міндетті түрде хабарлауды сұраймыз. (Қазақстан Республикасының аумағында қоңырау шалу тегін)

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика