Православие мерекесі кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша брифинг

Православие мерекесі кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша брифинг

251 rob

2023 жылғы 17 қаңтарда өңірлік коммуникация орталығында православиелік «Крещение Господне» мерекесі кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мәселесі бойынша брифинг өтті. Спикер ретінде Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник О.Ю. Трещев өз сөзінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарланған іс-шараларды, сондай-ақ шомылу рәсімі өтетін орындарда кезекшілік кезінде тартылатын күштер мен құралдар туралы айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгінгі таңда облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар осындай 13 орынды анықтады.

Павлодар қ. — 2, Екібастұз қ., Ақсу қ. – 1, Тереңкөл ауданы – 4, Баянауыл, Железин, Ертіс, Павлодар және Шарбақты аудандары бойынша 1, Ақтоғай, Аққулы, Май және Успен аудандарында шомылу орындары жоспарланбайды.

Сонымен қатар, Павлодар облысының ТЖД шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын еске салады:

  • құтқарушылар мен жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік ететін арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға болады;
  • шомылудан бұрын денені жылытып, қыздырып алу керек;
  • шұңқырға ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындау керек;
  • мұздың кішкене бөлігінде бір уақытта 20-дан астам адамның болуына жол бермеу керек;
  • ми тамырларының тарылуын болдырмау үшін басыңызды суламай, мойынға батырған дұрыс;
  • суға тікелей мұздан сүңгуге болмайды;
  • су қоймасының мұзына автокөліктердің шығуына қатаң тыйым салынады;
  • алкогольді ішпеңіз. Балалардың тек ата-аналарымен ғана шомылуына рұқсат етіледі;
  • шомылғаннан кейін түкті сүлгімен сүртініңіз, ыстық шай ішіңіз;
  • созылмалы аурулары бар адамдарға шомылу ұсынылмайды;
  • төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика