Ақмола облысының полицейлері эвакуаторға тиелген жеңіл көлікке салынған айыппұл туралы түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Ақмола облысының полицейлері эвакуаторға тиелген жеңіл көлікке салынған айыппұл туралы түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл оқиға Ақмола облысындағы тасжолда болған. Жылдамдықты шамадан тыс асырғанын «Автоураган» жол қозғалысын бақылау бейнежүйесі тіркеген.
«Айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым автоматты түрде қалыптастырылып ол көлік иесіне жолданды. Бірақ біз Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінен мәліметтерді тексеріп, әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқ болғандықтан, бұл айыппұлды жойдық. Бұл жағдайда айыппұл төленбеген», — деп түсіндірді Полиция департаменті.
Полиция инспекторлары «Автоураган» жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін үнемі тексеретіні атап өтілді.
«Әкімшілік тәжірибе қызметкерлері бағдарламалық қамтамасыз етудің дұрыс жұмыс істеуін тұрақты негізде тексеріп, заңсыз әкімшілік жаза қолдануды анықтайды. Осындай және өзге де деректер анықталса, құқық бұзушылықтың болмауына байланысты әкімшілік іс тоқтатылады», — деп толықтырды департаментте.
Еске салайық, Қостанайда эвакуаторға тиелген жеңіл көлікке айыппұл салынды.
Оқиға 12 ақпанда болған. Көлік иесінің айтуынша, әйелге жылдамдықты асырғаны үшін екі рет айыппұл салынған. Алайда жол қозғалысы ережесін бұзды деген уақытта көлік бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдайтын эвакуатордың үстінде болған. Оның үстіне, бұны камераның өзі де түсіріп алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia