388 rob
Оқиға орнында жұмыс жүргізу барысында ұзақ уақыт бойы тазаланбаған пештің мұржасы улы газбен улануға себеп болғаны анықталды. Соның салдарынан үй ішіне улы газ таралған, деп хабарлайды DKNews.kz.
2023 жылғы 21 қаңтарда сағат 15.50-де 101 пультіне Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Басқамыс ауылындағы үйлердің бірінде қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау (пештің мұржасы тазаланбаған) салдарынан 1976 жылы туған әйел адам мен 2004 және 202 жылдары туған екі бала улы газбен уланғанып, ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама түсті. Зардап шеккендердің жағдайлары орташа дәрежеде.
Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері барды.
Еске сала кетейік профилактикалық жұмыс барасында осы үйде 2022 жылғы 7 қазанда тұрғын секторды аралау жүргізілді. Рейд барысында мамандар жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді.
Құрметті азаматтар! Ықтимал қайғылы салдардың алдын алу үшін үнемі абай болыңыздар және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.
ҚР ТЖМ халыққа жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды ұсынады. Пештердегі жарықтарды жою, мұржаларды 3 айда кемінде 1 рет тазалау, аязда пештерді қатты қыздырмау, от жағу үшін ұзындығы пештің от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажет.
ТЖ туындаған жағдайда «112» нөмірі бойынша хабарлау қажет.
Источник: qazaq.asia