Пешпен жылыту ережелерін бұзу салдарынан 3 адам улы газдан уланған

Пешпен жылыту ережелерін бұзу салдарынан 3 адам улы газдан уланған

167 rob

Республикада улы газдан улану жағдайлары қабылданып жатқан барлық профилактикалық шараларға қарамастан жалғасуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәселен, 2023 жылғы 23 қаңтарда сағат 20.30 – да СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 101 телефонына Петропавл қаласында жеке үйде екі кәмелетке толмаған бала — 2015 ж.т. қыз және 2018 ж.т. ұл бала улы газдан уланғаны туралы ақпарат түсті. Олар дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қабылдау кезінде зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде болды, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Балалардың қатты отынмен жұмыс істейтін пештің қақпағын үлкен отбасы мүшелерінің мерзімінен бұрын жабуы салдарынан уланғаны анықталды. Егжей-тегжейлі тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды. Жарықтар сыланбаған, пеште отын кептірілген, жанғыш материалдар жақын жерде сақталған.

Жоғарыда көрсетілген мекен-жайға барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде жаднамалар тапсыра отырып, ауланы аралау 2023 жылғы қаңтарда жүргізілген болатын.

Бұл жағдай ағымдағы жылдың басынан бері үшінші болып табылады. Алдыңғылары Петропавл қаласында және Жамбыл ауданының Пресновка ауылында тіркелді.

2022 жылы СҚО елді мекендерінде 28 адам улы газбен уланған.

Пешпен жылыту ережелерін бұзу салдарынан улы газдан уланудың келесі жағдайы Өскеменде орын алды. 23 қаңтарда таңғы сағат 9-да қаланың бірінші қалалық ауруханасының қабылдау бөлмесіне улы газдан улану белгілері бар 1961 жылы туған ер адам келіп түсті. Белгілі болғандай, оқиғаның себебі ақаулары бар пешті пайдалану болды, атап айтқанда — көптеген жарықтар мен саңылаулары бар пешті жағу.

Қазіргі уақытта ер адам ауруханада орташа ауыр күйде жатыр. Зардап шегушінің туысы болып табылатын үй иесіне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 410-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

ШҚО ТЖД қызметкерлері пешті пайдалану ережелері бойынша үй иесімен нұсқаманы 2022 жылдың қазан айында өткізген болатын, бірақ ұсыныстар орындалмады, нәтижесінде жазатайым оқиға орын алды.

Уланудың және адам өлімінің алдын алу мақсатында ТЖМ тұрғындарға үйлерінің, пәтерлерінің өртке қарсы жай-күйін тексеруді, пешті жылытуға және электр сымдары мен электр аспаптарының жарамдылығына ерекше назар аударуды ұсынады. Егер қандай да бір кемшіліктер табылса, оларды дереу жою керек.

Тазалау 3 айда кемінде 1 рет жүргізілуі керек. Өлшемі кемінде 50-ден 70 см-ге дейін металл (пешке дейінгі) төселімді орнатыңыз.

Пешті жылыту кезінде мыналарға рұқсат етілмейді:

1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды балаларға қадағалауды тапсыруға;

2) жағуға дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы төселімге орналастыруға;

3) Қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

4) отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокс және газбен жағуға;

5) пештерді қыздыруға;

6) пеш пен түтін мұржаларының бетінен 0,5 м кем қашықтықта жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) кептіруге жол берілмейді;

7) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды  пайдалануға;

8) желдету және газ арналарын түтін мұржалары ретінде пайдалануға;

9) ақаулары, жарықтары мен саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға.

Өрт орын алып жатқан жағдайда дереу 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалыңыз.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика