Павлодарда сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті

Павлодарда сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті

190 rob

Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679  әскери бөлімінде жүзден  астам сарбаз  Отан алдыңдағы борышын өтеп шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Олар негізінен жауынгерлік міндеттерін Павлодар қаласындағы түзеу мекемелерінде атқарды. Шара барысында қызметтегі  үлгілі  тәртібі үшін мерзімді әскери қызметшілерге  алғыс хаттар табысталды.

— Отан алдындағы  борышын өтеп шыққан жігіттер Астана, Өскемен, Семей және Жетісу  өңірінен шақыртылған болатын. Сарбаздардың біразы өмірлерін әскери саламен байланыстыруға ықылас танытуда. Әзірше, он бір азамат келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға ниет білдірді, — дейді әскери бөлім командирінің орынбасары майор Мұса Садвакасов.

Әскери бөлімге  сарбаздардың келесі легі Семей, Өскемен, Жетісу  өңірлерінен келеді. Олар келер жылдың  қаңтар айынан бастап әскер қатарына алынбақ.  Әскери қызметшілердің айтуынша, сарбаздар Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу кезінде моральдық сондай-ақ  физикалық жағынан  шыңдалып, өзіне жүктелген барлық қызметтік тапсырманы жоғары деңгейде   орындаған.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика