Павлодар облысында ана мен екі бала көмірқышқыл газына уланып қалды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Павлодар облысында ана мен екі бала көмірқышқыл газына уланып қалды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«21 қаңтарда сағат 15.50-де 101 пультіне Павлодар облысы Басқамыс ауылындағы жеке үйлердің бірінде жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан 1976, 2004 және 2021 жылы туған үш адам көмірқышқыл газына уланып қалғаны хабарланды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, ана мен баланың жағдайы орташа ауыр.
Оқиғаға көптен бері тазаланбаған мұржа себеп болған.
«Оқиға орнын тексеру барысында отбасының көмірқышқыл газымен улануына мұржаның ұзақ уақыт бойы тазаланбауы себеп болғаны анықталды. Нәтижесінде үйге көмірқышқыл газы кіріп кеткен», — делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia