Павлодар облысында қатты желден 40 ауыл жарықсыз қалды Кеше, 14:22

Павлодар облысында қатты желден 40 ауыл жарықсыз қалды
Кеше, 14:22

Павлодар облысындағы дауыл салдарынан аймақтың бір бөлігі электр қуатынсыз қалды. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында ағаштар, бағдаршамдар,

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Павлодар ТЖД баспасөз қызметі

Павлодар облысындағы дауыл салдарынан аймақтың бір бөлігі электр қуатынсыз қалды. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында ағаштар, бағдаршамдар, автобус аялдамалары құлап, шатырлар бұзылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта шатырдың бұзылуы бойынша барлығы 42 оқиға тіркелген.

«100 елді мекенде электр қуаты үзілсе, қазір 60-ында қалпына келтірілді. 40 елді мекен жарықсыз қалды. Азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға мүмкіндігінше ауа райы жақсарғанша жолға шықпау керегін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика