Павлодар мұнай-химия зауытында дизель өндірісі тоқтатылды Кеше, 09:51

Павлодар мұнай-химия зауытында дизель өндірісі тоқтатылды
Кеше, 09:51

Павлодар мұнай-химия зауытында сутегі өндіру қондырғысынан ақау табылып, дизель отынының өндірісі уақытша тоқтатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Павлодар мұнай-химия зауытында сутегі өндіру қондырғысынан ақау табылып, дизель отынының өндірісі уақытша тоқтатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«»Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС меншігіндегі сутегі өндіру қондырғысынан ақау табылып, дизель отынының өндірісі уақытша тоқтады.

2023 жылғы 10 ақпанда сутегі өндірісінің көлемі төмендеп, технологиялық газды сутегі өндіру қондырғысының бу риформингінің пешіне тасымалдайтын құбырдың дәнекерлеу тігісінде табылған ақауды жою бойынша жөндеу жұмыстары басталды.

2023 жылғы 13 ақпанда жөндеу жұмыстары аяқталып, сутегі өндіру қондырғысында іске қосу шаралары басталды.

14 ақпанда дизель отынының өндірісі қайта басталады», — делінген хабарламада.

Ақау табылған уақытта ПМХЗ-да дизель отынының қоры 20 мыңнан астам тонна еді.

Бұл кәсіпорынға жөндеу жұмыстары аяқталғанша жоспар бойынша тәулігіне 5 мың тоннаға дейін жөнелтуге мүмкіндік береді.

Зауытта автобензин өндірісі қалыпты, өнім жоспар бойынша жөнелтіліп жатыр — тәулігіне 5,5 мың тоннаға дейін.

Сутегі өндіру қондырғысы тоқтап тұрған кезде жиналған мұнай өнімдерінің құрамдауыштары наурыз айында тауар өнімі болып өңделеді.

Осылайша, ПМХЗ көктемдегі егіс дала жұмыстары басталғанда дизель отыны өндірісінің жоспарлы көлемін қамтамасыз ететін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика