
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетімен танысты
Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президентке аймақ басшысы Асхат Шахаров өңірдің экономикалық әлеуеті мен перспективті инвестициялық жобалары туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Облыс әкімінің айтуынша, биылғы 10 айда өңір экономикасына 804,4 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға көп. Салынған қаржының негізгі бөлігі, яғни 725,5…