221 rob
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі
Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі- отбасындағы әлімжеттік десек те болады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақ халқында «Отбасы шағын мемлекет», «Отан отбасынан басталады» деген қанатты сөздер отбасының қоғамда алып отырған ерекше орнын білдіреді. Дегенмен, көптеген ер азаматтар отбасылық құндылықтарды сақтамай, әлімжеттік әрекеттерін көрсетуге бел буады. Ересектер мен жас отбасылардың өмірін бұзатын бұл жағымсыз іс әрекеттерге заңмен тосқауыл қойылғаны да рас. Алайда, бұл заңды шама-шарқы келгенше айналып өтуге тырысатындар да, аз емес. Ал, зорлық-зомбылық тек жәбірленушінің құқықтарын ғана бұзып қоймай, өскелең ұрпақтың өмірге деген көзқарасына теріс әсерін тигізеді. Бүгінде осындай әлімжеттікті алдын алу мақсатында еліміздің әрбір аумағында арнайы кездесулермен іс-шаралар өткізілуде.
Солардың бірі, Орал қаласында орналасқан Қазақстан Респулбикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқарма әскери қызметшілері және 5517 әскери бөлімінің жеке құрамымен отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға осы сала бойынша арнайы мамандар шақыртылды. Кездесу барысында әскери қызметшілерге, отбасындағы әлімжеттіктің алдын-алу шаралары жеткізіліп арнайы видео ролик көрсетілді. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдермен қатар ересектерді заңбұзуға итермелейтін оқиғалар туралы ақпараттар жеткізілді. Сондай-ақ, отбасындағы моральдық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсер тигізетінін тілге тиек етіп, кездесуді қортындылады.
Источник: qazaq.asia