Отандық кәсіпкерлер кеңесінде тау-кен, металлургия мәселелері талқыланды

Отандық кәсіпкерлер кеңесінде тау-кен, металлургия мәселелері талқыланды

195 Арман

Бизнес-қоғамдастық өкілдері «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп, премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отандық кәсіпкерлер кеңесіне қатысты. Жиында тау-кен, металлургия секторын дамыту мәселелері көтерілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Өткен кеңесте тау-кен, мателулргия кешені әселелері қаралды. Палатада бұл секторға көңіл бөлінген. Саланың әлеуеті зор және біздің мақсатымыз инвестициялық тартымдылықты арттыру және оны дамытудың нақты моделін бекіту. Қазір Палата шеңберінде ірі, орта және шағын бизнес, геология мамандарын шоғырландырдық. Сондай-ақ өз тарапымыздан даму тұжырымдамасы мен кешенді жоспарын қалыптастыруға қатысуға, мемлекеттік органдарға өздерінің сараптамалық әлеуетімен көмектесуге дайын екенімізді білдірдік. Үкімет біздің позициямызды түбегейлі зерттегеніне қуаныштымыз, жағымды жақтары бар» «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов

Жиын барысында «Тау-Кен Қазақстан тау-кен саласының республикалық шағын және орта кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айбар Дәуітов салалық даму құжатының қажеттілігіне тоқталды. Спикер мемлекеттік жоспарлаудың қолданыстағы жүйесінде жер қойнауы туралы ешқандай мәлімет жоқ екенін атап өтті.

«Биыл ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтті. Қабылданған маңызды түзетулердің бірі – жер қойнауының Қазақстан халқына тиесілі екені анықталды. Конституцияға аталған өзгерісті дамыту үшін «экономикалық өсу мен Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырудың драйвері ретінде жер қойнауын дамыту» деген жеке дербес жалпыұлттық басымдықты әзірлеу орынды» Айбар Дәуітов

Бұл шара жеке министрлік деңгейінен жетекшілік ететін вице-премьер деңгейіне міндеттерді көтеруге мүмкіндік береді және Үкіметтің күш-жігерін реттеуге көмектеседі.

Сондай-ақ көмір өндіру, экологиялық реттеу, салық салу, атап айтқанда, салық заңнамасының тұрақтылығының болмауы мәселелері көтерілді. Бұл мәселелер ТМК инвестициялық әлеуетін айтарлықтай шектейді.

«ТМК секторы кәсіпорындары үшін автоматты мониторинг жүйелерін (АМЖ) орнату мәселесі өзекті. Экологиялық кодекстің тиісті нормасы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді және автоматты мониторинг жүйелерін орнату бойынша міндеттемені орындамағаны үшін кәсіпорындар қызметін тоқтата тұруға дейін қатаң санкцияларға ұшырайды. Көптеген компания логистикалық өзгерістерге және бірқатар объективті себепке байланысты экологиялық кодексте қарастырылған мерзімде автоматты мониторинг жүйелерін орнатуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз мерзімдерді ауыстыруды, жеке кестелерді қарастыруды сұрадық. Сонымен қатар, автоматты мониторинг жүйелерін қондырғысы қазіргі уақытта қол жетімді ең жақсы техникалар бойынша әзірленіп жатқан анықтамалықтармен сәйкес келуі керек» «Атамекен» ҰКП Тау-кен металлургия комитетінің төрағасы Николай Радостовец

Төрағаның айтуынша, компаниялар уәкілетті мемлекеттік органға автоматты мониторинг жүйелері үшін жабдықтарды жеткізудің күтілетін мерзімдері туралы өзекті мәліметтерді ұсынды және осы жұмысты аяқтаудың нақты жоспарларын белгіледі.

Үкімет жеке блокта геология мен жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығы мәселелеріндегі проблематиканы тыңдады. Бизнес-қоғамдастық есептерді құпиясыздандыру бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ жер қойнауы туралы өзекті және жоғары дәлдіктегі деректерді алу үшін аэрогеофизикалық және басқа да заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, өңірлік жұмыстар жүргізу мүмкіндігін пысықтауды ұсынды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының геологиялық сала кіші комитетінің төрағасы Азамат Шалабаев цифрландыру мәселесіне назар аударды. Спикер жұмыс үш негізгі бағытта: геологиялық ақпарат, кеңістіктік деректер, рәсімдер мен бизнес-процестерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге негізделуі керегін айтты.

«Геологиялық ақпаратқа онлайн қолжетімділік арттыру, геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі интерактивті (цифрлық) картаны пайдалану, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың бизнес процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ету мақсатында салалық цифрлық платформа құру жөніндегі жұмысты жеделдету қажет» Азамат Шалабаев

Отандық кәсіпкерлер кеңесінің келесі отырысында мұнай-газ саласының мәселелері қаралатын болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика