Осы жылы Нұра ауданында сегіз ауылдың жолдары жөнделеді

Осы жылы Нұра ауданында сегіз ауылдың жолдары жөнделеді

515 rob

Нұра ауданында «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылы Егінді, Байтуған, Ахмет, Көбетей, Заречное, Тассуат, Мыңбаев және Алғабас ауылдарының орамішілік жолдары орташа жөндеумен қамтылады. Екі ауылда су құбыры желілері салынады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте айтты.

— Мемлекет басшысының сапалы ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы маңызды міндет болып табылады. 2022 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 94,6% құрады. 2025 жылға дейін 98%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Биыл Жараспай және Құланұтпес ауылдарында су құбыры желілері салынады. Сондай-ақ, Ізенді ауылында су құбыры желілерін салу мәселесі шешілетін болады, — деді Бақытжан Мұқанов.

Ол ауданда тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және елді мекендерді абаттандыру жалғасатынын атап өтті.

«Ауыл — Ел бесігі» жобасы бойынша Байтуған және Заречное ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарын биыл аяқтау жоспарлануда.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика