284 Awrora
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтер көрсету туралы келісім шарттың заңсыз нормаларды қолдану фактісіне тап болған жеке бала бақшалар өкілдері жүгінді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Осылайша, келісім шарттың бір тармағына сәйкес, облыстық және қалалық білім бөлімдері өздеріне 44 жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына заңсыз бақылау және тексеріс жүргізу құқықтарын бөліп алған. Сонымен қатар, тексеріс ұйымдастыру бойынша барлық шығындар жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тұлғасында қызмет көрсетуді жеткізушілерге жүктелген.
Департаментпен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлері және облыстық білім беру басқармасы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді, нәтижесінде келісім шарт шарттары қайта қарастырылды, ал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көрініс алатын аталған тармақ алынып тасталды.
Источник: qazaq.asia