225 rob
Фотосурет: ҚР ЕХӘҚМ
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттары үшін 266 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бейімделді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 2027 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
Жобада қол жетімділіктің интерактивті картасы сайтына енгізілген ел бойынша бейімделуі тиіс 35 мыңнан астам басым объектілер айқындалды. 2021-2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023-2027 жылдар кезеңінде жыл сайын кемінде 5 мың объект (5 жылда 27 мың) бейімделуге тиіс. Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2021-2022 жылдарды қоса алғанда, 12 169 нысан бейімделді.
Қостанай облысында алдағы 5 жылда мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1329 нысанды бейімдеу қарастырылған. Қазіргі уақытта 2023 жылға бейімдеуге жоспарланған 266 объектінің ішінен жергілікті атқарушы органдар барлық 266 объектіде бейімдеу іс-шараларын жүргізді.
Мәселен, өңірде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына қол жетімді:
— білім беру нысандары – 66 (мектептер, балабақшалар);
— мәдениет нысандары – 2;
— спорт нысандары – 5;
— денсаулық сақтау нысандары – 23 (аудандық және қалалық ауруханалар, ФАПтар, амбулаториялар);
— мемлекеттік мекемелер – 89 (қалалық, аудандық, ауылдық әкімдіктер мен бөлімдер);
— қызмет көрсету саласының объектілері – 81.
Бірінші топ мүгедектігі бар Илья Вираховскийдің айтуынша, аймақта ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай айтарлықтай жақсарып, қажетті жағдайлар жасалуда.
«Меншік иелері объектілерді құрылыс нормаларына сәйкес келтіруге тырысады. Көптеген кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар шағымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, кіру топтарын нормаға сәйкес келтіруде. Абай көшесіндегі №6 емханаға барған кезде денсаулық сақтау мекемесінің қолжетімділігі, есіктердің стандартқа сәйкес келетіні, лифт ыңғайлы жұмыс істейтіні көңіл қуантады. Жақында мен Халық банкінің бөлімшесінде болдым, онда кіреберіс тобы қайта құрылып, кіреберіс алаңы кеңейтілген, кіреберіс есіктері ауыстырылған, мүгедектер арбасына арналған арнайы касса, тактильді плиткалар мен көрсеткіштер орнатылған. Бұл қала тұрғындарының, соның ішінде өзім де ең көп баратын орындардың бірі, – деді Илья Вираховский.
Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 122 тексеру жүргізді, оның ішінде: 32 жоспардан тыс тексеру, 49 профилактикалық бақылау шеңберінде және прокуратураның талабы бойынша 41 тексеру жүргізілді
Тексеру қорытындысы бойынша объектілердің басшылығына анықталған бұзушылықтарды жою туралы 70 ұйғарым беріліп, 6 млн 614,2 мың теңге сомасына 41 әкімшілік айыппұл салынды.
Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.
Источник: qazaq.asia