ОСК Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді Кеше, 11:50

ОСК Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді
Кеше, 11:50

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанпав

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Парламент Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталады. Еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы — Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болдыңыздар», — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Сенат депутаттарының куәліктері мен төсбелгілері табысталды:

  • Жақып Асанов (Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы);
  • Мәулен Әшімбаев (қайта тағайындалды);
  • Нұртөре Жүсіп (қайта тағайындалды);
  • Ләззат Қалтаева (қайта тағайындалды);
  • Асқар Шәкіров (қайта тағайындалды);
  • Евгений Больгерт (ҚХА-дан);
  • Зәкіржан Кузиев (ҚХА-дан);
  • Нурия Ниязова (ҚХА-дан);
  • Әлішер Сатвалдиев (ҚХА-дан);
  • Геннадий Шиповских ҚХА-дан).

2022 жылғы республикалық референдумда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Енді Президент 15 емес, он депутатты тағайындайды, оның бесеуі – Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша.

Еске салайық, бір күн бұрын Президент жарлығымен 13 сенатордың өкілеті тоқтатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика