276 rob
Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының атқышы қатардағы жауынгер Әсем Орынбай Мароккода стендтік атудан Әлем кубогының чемпионы атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ол әйелдер арасындағы командалық есепте «Skeet» жаттығуында АҚШ атқыштарынан озып, алтын медаль жеңіп алды.
Жарысқа әлемнің 45 елінен барлығы 250-дің үстінде спортшы қатысты. Ал Қазақстаннан 13 адам сынға түсті.
Турнир халықаралық спорттық атыс федерациясының кестесіндегі рейтингті көтеруге және 2024 жылы Францияда өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік бермек. Рабат қаласында өтіп жатқан жарыс 24 қаңтарға дейін жалғасатын болады.
Әскери қызметші Әсем Орынбай Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін лицензия алу үшін табанды түрде сайысқа түсіп жүргенін айта кеткен жөн. Олжалы спортшымыз 2018 жылы Әл-Кувейттегі (Кувейт) стендтік атудан Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2021 жылы Каирде өткен (Египет) әлем Кубогының қола жүлдегері атанған болатын.
Источник: qazaq.asia