194 rob
Фотосурет: inbusiness.kz
Алматы қаласы бойынша МКД «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 574-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушілер болып табылатынын хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде IV санаттағы және санатсыз объектілердің операторлары осы төлемді төлеушілер болып табылмайды және эмиссия бойынша салық есептілігін ұсынбайды.
2022 жылдың басынан бастап осы операторлар төлеген төлем сомалары қате төленген сомалар болып саналады. Осыған байланысты ҚР СК 103-бабына сәйкес IV санаттағы және санатсыз объектілердің операторлары 870.00 СЕН кері қайтарып алуға және 2022 жылдан бастап 870.00 СЕН бойынша төленген қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға):
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы » коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;
- электрондық нысанда портал немесе «салық төлеуші кабинетінде» www.kgd.gov.kz интернет-ресурс арқылы, сондай-ақ e-salyq azamat мобильді қосымшасының көмегімен өтініш беруге құқылы.
Источник: qazaq.asia