Оралда Ұлттық ұлан жауынгері муайтайдан чемпион атанды

Оралда Ұлттық ұлан жауынгері    муайтайдан чемпион атанды

316 rob

Оралда муайтайдан ересектер арасында дүбірлі жарыс өтіп түрлі салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталды. Бұл жарыс ел біріншілігіне іріктеу болғандықтан барлық спортшылар татамиде барын салып өз өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ағымдағы жылдың 27-29 қаңтар аралығында Орал қаласындағы Деркул шағын ауданында орналасқан «Орал» спорт клубында ересектер арасында муайтайдан облыс біріншілігі өтті. Аталмыш жарысқа 9 салмақ дәрежесі бойынша 150-ге тарта спортшы сынға түсіп өзара мықтыларды анықтады.

Осы жарысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің келісім шарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы Али Нәсіпқалиев қатысып 91 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

-Муайтай – өте күрделі спорт түрі. Бұл спортта спортшының дайындығы мен шеберлігі өте жоғарғы деңгейде болу қажет. Мен бұл жарысқа тыңғылықты дайындалып келдім. Қарсыластарым да жақсы дайындықпен келіпті. Дегенмен осы жарыста дұрыс тактика қолданып, қарсыластарымның осал тұстарын дұрыс пайдалану арқылы жеңіп шықтым. Ендігі мақсат ақпан айында өтетін ел біріншілігіне қатысып чемпион атану деді,- жеңімпаз Али Нәсіпқалиев.

Айта кетейік осы жарыстың жеңімпаз жүлдегерлері ел чемпионатына қатысатын болады. Муайтайдан ел біріншілігі ағымдағы жылдың 21-25 ақпан аралығында Шымкент қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Капитан, Ертуған Әубакир

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика