Оралда жас сарбаздар алғашқы рет жауынгерлік қызметке аттанды

Оралда жас сарбаздар алғашқы рет жауынгерлік қызметке аттанды

292 Awrora

Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде жақында ғана әскери ант қабылдаған жас жауынгерлер, алғашқы рет Орал қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында жауынгерлік қызметке шықты.  Айта кетейік, жас сарбаздар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге Орал қаласының тұрғындарының қауіпсіздігімен қала тыныштығын қамтамасыз етеді.

Бүгін 5517 әскери бөлімінің саптық алаңында жас сарбаздардың алғашқы жауынгерлік қызметіне арналған таралым өткізілді. Шара барысында  әскери бөлім командирі подполковник Сағындық Алқайдаров жас сарбаздарды жауынгерлік қызметтің алғашқы күнімен құттықтап, алдағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, заңдылық пен әскери жарғы талаптарын қатаң сақтауды, халыққа қалтқысыз қызмет етуді тапсырды.

Айтулы шараға әскери бөлімнің ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып жас жауынгерлердің  алдағы жауынгерлік қызметтеріне толағай табыстар тілеп, жауынгерлік қызметті атқаруға арналған куәліктерін табыстады.   

Айта кетейік Ұлттық ұлан сарбаздары  Орал қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысынада тонау, ұрлық және қарақшылық фактілерін ашады, іздеуде жүрген күдіктілерді ұстайды, есірткі қолданушыларды құрықтайды, сондай-ақ ата-аналарға жоғалған балаларын табуға көмектесіп келеді.

Капитан

Ертуған Әубакир

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика