Орал қаласында сотталған адамға тыйым салынған заттардың әкелінуіне жол берілмеді

Орал қаласында сотталған адамға тыйым салынған заттардың әкелінуіне жол берілмеді

215 rob

Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

19 желтоқсан күні Орал қаласында орналасқан №27 түзету мекемесінде жазасын өтеуші «А» есімді сотталушыға ұзақ мерзімді кездесуге келген «Б» азаматшасын қабылдау кезінде, оның сөмкесінен жасырылған 42 мың теңге табылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осылайша Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мекеме қызметкерлерімен бірігіп тыйым салынған затты түзету мекемесіне кіргізбек болған азаматшаның жолын кесті.

Қазіргі уақытта бұл азаматшаны әкімшілік жауапқа тарту үшін арнайы мәліметтер жиналып жатыр.

Мекеме басшылары түзету мекемесі  аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті үшін ҚР ӘқБТ-нің 481-бабына сәйкес 10 айлық есебі көлемінде айыппұл салынатынын ескертеді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика