Оралға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы әуежайға қона алмады Кеше, 14:45

Оралға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы әуежайға қона алмады
Кеше, 14:45

Жолаушылар ұшағы Орал әуежайына қона алмады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото:2gis.kz

Жолаушылар ұшағы Орал әуежайына қона алмады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой город» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

3 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Оралда Орал-Астана рейсі кейінге шегерілді. Алматы-Орал ұшағы Ақтөбедегі қосалқы аэродромға қонды. Бұл туралы басылымға Орал әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

4 желтоқсанда Алматыдан ұшатын рейс кейінге шегерілген. Оралға келудің болжамды уақыты 16:00. Алматыдан келетін тағы бір рейс екі сағатқа кешіккен. Орал әуежайының баспасөз қызметі 3 желтоқсанда сағат 18:00-ден 4 желтоқсанда сағат 04:00-ге дейін көктайғақ болып, жаңбыр жауғанын түсіндірді.

«Бұл ұшу қауіпсіздігіне теріс әсер етеді, өйткені жауын-шашыннан мұз пайда болады. Мұндай жағдайларда әуежай мұзға қарсы реагентті пайдаланады. Әуекомпаниялар ауа райы болжамына және ықтимал тәуекелдерге сүйене отырып, рейстерді орындау бойынша өз бетінше шешім қабылдайды. Төртінші желтоқсанда -3-тен +6 градусқа дейінгі температураның күрт ауысуына байланысты тұман қосылды, бұл көруді қиындатады. Әуекомпаниялар жоғарыда аталған рейстерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады», — деп хабарлады Орал әуежайы.

Орал әуежайы әуекомпаниялардың жолаушыларға барлық қажетті көмекті көрсетіп жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика