Оман Сұлтандығының ұлттық күні: Қазақстаннан құттықтау

Оман Сұлтандығының ұлттық күні: Қазақстаннан құттықтау

269 rob

Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.

Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика