Ольга Булавкина Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен бірге аймақтағы экологиялық мәселелерді талқылады

Ольга Булавкина Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен бірге аймақтағы экологиялық мәселелерді талқылады

262 rob

Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина Өскемен қаласындағы «Қазцинк» ЖШС металлургия кешенінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырысқа қатысушылар өңірдің экологиялық жағдайы мен зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға бағытталған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

«Климаттың өзгеруімен күресу халықаралық деңгейдегі басты міндеттердің біріне айналды. Әлем елдері өздерінің индустриялық экономикаласының климатқа кері әсерін азайтуға және өндірісті мүмкіндігінше «жасыл» даму үрдісіне бейімдеуге ұмтылуда. Буланған газдар эмиссиясын азайту бойынша мақсаттар қойылып, міндеттемелер қабылдануда» Ольга Булавкина

Депутат сонымен қатар, заң шығарушы органның қызметі мен қабылданған заң жобалары туралы атап келіп, экологиялық құқық бұзушылықтар мен вандализм көріністеріне жауапкершілікті күшейту мәселелеріне тоқталды. Сенатор жиынға қатысушыларға жылу электр орталығының техникалық ахуалы мен елдегі кәріздік тазарту құрылыстарының күрделі жағдайы туралы депутаттық сауалында айтқанын да жеткізді.

Ольга Булавкина отырыста айтылған ұсыныстарды депутаттық сауалында қолданатынын атап өтті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика