Фото: ғаламтордан
Ұлттық тасымалдаушы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін теміржол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығына шектеу қойған. Ақпарат 1433 анықтама қызметі арқылы тәулік бойы беріледі.
Алматы, NEGE. «Кешіккен пойыздың әр сағаты үшін билет құнының 3% мөлшерінде айыппұл төленеді. Пойыз 6 сағаттан артық кешіксе, тегін тамақ беріледі. Вокзалдардағы тамақтану орындары мен сауда нүктелерінің үздіксіз жұмыс істеуі бақылауда», — делінген ҚТЖ хабарламасында.
Пойыз билеттерін кері қайтару жайлы мәліметті +7 (707) 270-36-64 (WhatsApp) нөмірінен білуге болады.
Источник: qazaq.asia