178 rob
Фотосурет: ҚР ҚМ
Әскери қызметші Арнұр Қуатай Армения астанасы Ереванда самбодан өткен әлем чемпионатында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жарысқа 65 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Олардың ішінде титулды самбошылар, әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары бар.
Ефрейтор Арнұр Қуатай төрт жекпе-жек өткізді. Алғашқы жекпе-жекте ол Моңғолиядан келген балуанды ұтса, екінші сайыста морокколық спортшыдан басым түсті.
Күміс медаль үшін болған жартылай финалда Арнұр Қуатай ресейлік спортшыға есе жіберді. Ал үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте ол грузин балуаны Миндия Лилуашвилиден басым түсті.
Жалпы Қазақстан құрамасы чемпионатта медальдық есеп бойынша үшінші орында тұр. Қазақстандық самбошылардың қоржынында бір алтын, екі күміс медаль бар.
Источник: qazaq.asia