Оқу-ағарту министрлігі: жұмыс аптасының негізгі сәттері

Оқу-ағарту министрлігі: жұмыс аптасының негізгі сәттері

240 rob

Фотосурет: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу, деп хабарлайды DKNews.kz:

  • ҚР Оқу-ағарту министрі Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Отырыс барысында білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер айтылды.
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші кезеңі қорытындыланды. Оған еліміздің 219 ауданынан (қалаларынан) 82 мыңнан аса оқушы қатысып, үшінші кезеңге 15 616 оқушы өтті.
  • Буллингтің алдын алу ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жеті мыңға жуық мектеп пен колледжді қамтиды. Ақпараттық шаралар еліміздің бірнеше өңірінде басталып кетті.
  • XIX Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы шықты. Қазақстандық оқушылар 66 медаль жеңіп алды.
  • Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында білікті мамандардың қатысуымен орта білім беруді жетілдіру жұмысы басталды. Бір ай ішінде педагогтер оқу бағдарламаларының мазмұнына түзетулер енгізетін болады.
  • ҚР Оқу-ағарту министрі мұғалімдермен кездесіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика