«Оңтүстік» индустриялдық аймақтағы өртті сөндіру бойынша ақпарат

«Оңтүстік» индустриялдық аймақтағы өртті сөндіру бойынша ақпарат

217 rob

2023 жылғы 15 қаңтарда сағат  10-47-де «101» басқару пультіне Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінде орын алған өрт туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп,  өрт «Оңтүстік» индустриялық аймағында  макулатура қайта өндеу бойынша «Бумпром» ЖШС аумағында орын алғандығын анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша жалпы ауданы 60х20 шаршы метрді құрайтын жеке цех жанған. Ғимарат бір қабатты, автономды жылыту, ішінде 3 тонна макулатурасы бар, картон қалдықтары жанып жатыр. Өрттің ауданы 200 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өрт сағат 12.37-де оқшауланды, сағат 13.18-де сөндірілді.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 52 адам мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика